АМСКК және Диагностика орталығы келесі қызметтерді көрсетеді:

– бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК);
– консультациялық-диагностикалық көмек;
– тіркелген халыққа және ақылы негізде мамандандырылған көмек.

Орталықтағы медициналық қызметтердің көлемі:

АМСКК және Диагностика орталығында жетекші мамандарынан барлық түрдегі медициналық қызметтерді алуға болады, сондай-ақ орталық пациенттеріне С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедраларының профессорлары мен доценттері кеңес береді.

Ақылы негізде көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмектің мамандықтары (медициналық қызметке мемлекеттік лицензияға сәйкес):

– терапия
– гастроэнтерология
– кардиология
– неврология
– оториноларингология
– гинекология
– эндокринология
– хирургия
– травматология
– офтальмология
– дерматология
– аллергология
– ревматология

Диагностикалық зерттеу әдістері:

– барлық ағзалардың ультрадыбыстық диагностикасы (эхокардиография, тамырлардың допплерографиясы);
– электрокардиография (ЭКГ);
– тәуліктік ЭКГ мониторингі;
– артериялық қысымды тәуліктік Холтерлік мониторинг (СМАД);
– электроэнцефалография (ЭЭГ);
– видеофиброгастроскопия;
– рентгенография;
– флюорография.

Зертханалық диагностика:

– жалпы клиникалық зерттеулер;
– биохимиялық зерттеулер;
– иммуноферменттік зерттеулер (ИФА);
– гормондар;
– ісік маркерлері;
– инфекциялар;
– цитологиялық зерттеулер.

АМСКК және диагностика орталығының медициналық қызметі 05.07.2019 ж. берілген № 19014500 медициналық қызметке лицензия және оған қоса берілетін қосымшалар негізінде жүзеге асырылады.

____________________________________________________________

БМСК көрсету кезіндегі нормативтік құқықтық актілер тізбесі

№ п/п Номер и дата нормативного правового акта Название нормативного правового акта
1 Кодекс Республики Казахстан от 7 июля 2020 года № 360-VI ЗРК. О здоровье народа и системе здравоохранения
2 Приказ Министерства здравоохранения РК от 24.08.2021 № ҚР ДСМ-90 Об утверждении Правил оказания первичной медико-санитарной помощи
3 Приказ Министерства здравоохранения РК от 30.03.2023 № 49 Об утверждении Стандарта организации оказания первичной медико-санитарной помощи в Республике Казахстан
4 Приказ МЗ РК от 29.10.2020 № ҚР ДСМ-167/2020 Об утверждении минимальных стандартов оснащения организаций здравоохранения медицинскими изделиями
5 Приказ Министерства здравоохранения РК от 27.04.2022 № ҚР ДСМ-37 Об утверждении правил оказания специализированной медицинской помощи в амбулаторных условиях
6 Приказ Министерства здравоохранения РК от 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 Об утверждении правил прикрепления физических лиц к организациям здравоохранения, оказывающим первичную медико-санитарную помощь
7 Приказ Министерства здравоохранения РК от 7 июня 2023 года № 106 Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в стационарозамещающих условиях в РК
8 Приказ Министерства здравоохранения РК, Министерства Национальной Экономики РК от 15.11.2018 № ҚР ДСМ-32, 70 Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сферах качества оказания медицинских услуг, обращения лекарственных средств и медицинских изделий
9 Приказ Министерства здравоохранения РК от 18.11.2020 № ҚР ДСМ-198/2020 Об утверждении правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, а также выдачи листа или справки о временной нетрудоспособности
10 Приказ Министерства здравоохранения РК от 23.10.2020 № ҚР ДСМ-149/2020 Об утверждении правил организации оказания медицинской помощи лицам с хроническими заболеваниями, периодичности и сроков наблюдения, обязательного минимума и кратности диагностических исследований
11 Приказ Министерства здравоохранения РК от 23.09.2020 № ҚР ДСМ-109/2020 Об утверждении перечня хронических заболеваний, подлежащих динамическому наблюдению
12 Приказ Министерства здравоохранения РК от 17.03.2023 № 40 Об утверждении Стандарта организации оказания медицинской помощи при инфекционных заболеваниях в Республике Казахстан
13 Приказ Министерства здравоохранения РК от 26.08.2021 № ҚР ДСМ-92 Об утверждении стандарта организации оказания акушерско-гинекологической помощи в Республике Казахстан
14 Приказ и.о. Министра здравоохранения РК от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения
15 Приказ Министерства здравоохранения РК от 22 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-313/2020 Об утверждении форм отчетной документации в области здравоохранения
16 Приказ Министерства здравоохранения РК от 2 октября 2020 года № ҚР ДСМ-112/2020 Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов
17 Приказ Министерства здравоохранения РК от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-75 Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного или льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)
18 Приказ Министерства здравоохранения РК от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ–305/2020 Об утверждении номенклатуры специальностей и специализаций в области здравоохранения, номенклатуры и квалификационных характеристик должностей работников здравоохранения
19 Приказ Министерства здравоохранения РК от 12 ноября 2021 года № ҚР ДСМ-112 Об утверждении стандарта организации оказания онкологической помощи населению Республики Казахстан
20 Приказ и.о. Министерства здравоохранения РК от 30 сентября 2022 года № ҚР ДСМ-107 Об утверждении Стандарта организации оказания населению медицинской помощи при туберкулезе
21 Приказ и.о. Министерства здравоохранения РК от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-174/2020 Об утверждении целевых групп лиц, подлежащих скрининговым исследованиям, а также правил, объема и периодичности проведения данных исследований
22 Приказ Министерства здравоохранения РК от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-264/2020 Об утверждении правил, объема и периодичности проведения профилактических медицинских осмотров целевых групп населения, включая детей дошкольного, школьного возрастов, а также учащихся организаций технического и профессионального, после среднего и высшего образования
23 Постановление Правительства РК от 24 сентября 2020 года № 612 Об утверждении перечня заболеваний, против которых проводятся обязательные профилактические прививки в рамках ГОБМП, правил, сроков их проведения и групп населения, подлежащих профилактическим прививкам
24 Приказ Министерства здравоохранения РК от 24 января 2023 года № 12 Об утверждении стандарта организации оказания медицинской помощи по охране репродуктивного и психического здоровья несовершеннолетних в возрасте от десяти до восемнадцати лет и молодежи
25 Приказ Министерства здравоохранения РК от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-89 Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами и медицинскими изделиями в рамках ГОБМП, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной системы, за счет бюджетных средств или в системе ОСМС, а также правил и методики формирования потребности в ЛС и медизделиях в рамках ГОБМП, дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной системы, за счет бюджетных средств или в системе ОСМС
26 Приказ Министерства здравоохранения РК от 1 февраля 2021 года № ҚР ДСМ-12 Об утверждении правил организации, предоставления и оплаты дистанционных медицинских услуг
27 Приказ Министерства здравоохранения РК от 15 марта 2022 года № ҚР ДСМ-25 Об утверждении стандарта организации оказания педиатрической помощи в Республике Казахстан
28 Приказ Министерства здравоохранения РК от 7 октября 2020 года № ҚР ДСМ-116/2020 Об утверждении Правил оказания медицинской реабилитации
29 Приказ Министерства здравоохранения РК от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-224/2020 Об утверждении стандарта организации оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья населению Республики Казахстан
30 Приказ Министра труда и соцзащиты РК от 30 мая 2019 года № 292 Об утверждении профессионального стандарта “Психологическая и социальная работа”
31 Приказ Министерства здравоохранения РК от 29 октября 2020 года № ҚР ДСМ-170/2020 Об утверждении правил оказания платных услуг субъектами здравоохранения и типовой формы договора по предоставлению платных медицинских услуг
32 Приказ Министерства здравоохранения РК от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-225/2020 Об утверждении правил оказания скорой медицинской помощи, в том числе с привлечением медицинской авиации
33 Приказ Министерства здравоохранения РК от 8 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-241/2020 Об утверждении правил оказания медицинской помощи посредством передвижных медицинских комплексов и медицинских поездов
34 Приказ Министерства здравоохранения РК от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-223/2020 Об утверждении Правил оказания доврачебной медицинской помощи
35 Приказ Министерства здравоохранения РК от 23 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-199/2020 Об утверждении правил оказания сестринского ухода
36 Приказ Министерства здравоохранения РК от 27 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-209/2020 Об утверждении стандарта организации оказания паллиативной медицинской помощи

 

__________________________________________________________________

Медициналық көмекті алу тәртібі

ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы — АМСКК көрсету қағидалары негізінде.

АМСКК көрсетудің тәртібі

  1. АМСКК келесі мамандармен көрсетіледі: жалпы практика дәрігерлері (отбасы дәрігерлері), аумақтық терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер, кеңейтілген тәжірибелі (жалпы практика) мейіргерлер, аумақтық мейіргерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар (ҚК 123-бап 3-тармағына сәйкес).
  2. ҚК 123-бап 2-тармағына сәйкес, АМСКК ұйымдары қызметті мына қағидаттар бойынша жүзеге асырады:
  • отбасылық қызмет көрсету қағидаты;
  • аумақтық қолжетімділік;
  • аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
  • пациенттің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы;
  • меншік нысанына қарамастан тең құқықтылық және адал бәсекелестік;
  • профилактика, диагностика және емдеуді қамтитын АМСКК қызметтері пациенттің орналасқан жеріне тәуелсіз қолжетімді болуы.
  • АМСКК ұйымында учаске құрылады және тіркелген халыққа қызмет көрсету үшін учаске мамандары бекітіледі.

 

Жүктеме нормалары:

  • жалпы практика дәрігері — 1 700 адамнан аспайды (ауылдық АМСКК ұйымдарын қоспағанда);
  • аумақтық терапевт — 2 200 адам;
  • аумақтық педиатр — 0–6 жас 500 бала, 7–18 жас 900 бала.
  • ҚК 117-бабына сәйкес БМСК келесі нысандарда көрсетіледі:
  1. ҚК 117-бабына сәйкес АМСКК келесі нысандарда көрсетіледі:

1) шұғыл — кенеттен пайда болған жедел аурулар мен жағдайларда, созылмалы аурулардың асқынуында, өмірге қатер төнгенде немесе денсаулыққа елеулі зиян келудің алдын алу үшін, тіркелу фактісіне қарамастан;

2) жедел (қажетті) — өмірге айқын қатер төндірмейтін жедел аурулар мен жағдайларда;

3) жоспарлы — өмірге қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайларда, профилактикалық іс-шараларды қоса алғанда, алдын ала жазылу немесе жүгіну бойынша.

  1. АМСКК мына жағдайларда көрсетіледі: ҚК 118-бап 1-тармақ 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес.
  2. АМСКК ҚК 123-бап 1-тармағында айқындалған қызметтерді қамтиды.
  3. АМСКК құрамына мыналар кіреді:

1) Дәрігерге дейінгі көмек — орта буын медицина қызметкерлері (аумақтық мейіргер, фельдшер, акушер) көрсетеді (№ 1 қосымшадағы тізім бойынша).

2) Білікті медициналық көмек — жалпы практика дәрігері, аумақтық терапевт және/немесе педиатр көрсетеді (№ 2 қосымшадағы тізім бойынша).

3) Медико-әлеуметтік көмек — әлеуметтік қызметкер және психолог көрсетеді (№ 3 қосымша).

  1. АМСКК ұйымы ҚК 124-бап 2-тармағына сәйкес, мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз етеді (қоса атқарушылармен шарт жасау арқылы).

АМСКК ұйымдарында диагностика мен емдеуді ұйымдастыру тәртібі

  1. Алғаш рет жүгінгенде тіркеу бөлімінде амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (№ 052/у нысан) электрондық форматта ресімделеді (№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы). Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда кейіннен МИС-ке енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
  2. Жүгіну себептері — Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес.
  3. Жедел ауру/асқыну кезінде диагностика мен ем клиникалық хаттамаларға сай айқындалады. Жедел жағдайларда науқас дәрігерге дейінгі кабинетке (фильтр) жіберіледі; мұнда қажетті көмек көрсетіледі. Қажет болғанда кезекші/аумақтық дәрігер шақырылады, жедел жәрдем бригадасы шақырылып, көрсетілімдер бойынша тәулік бойғы стационарға экстренді түрде жолданады. Экстренді госпитализацияны қажет етпейтін жағдайларда бақылау амбулаториялық деңгейде, оның ішінде қашықтан кеңес беру арқылы жүргізіледі. Коронавирус күдігі/расталғанда профильдік мамандардың телемедициналық консультациялары ұйымдастырылады.
  4. Жоспарлы госпитализация — Госпитализация бюросы порталы арқылы (күндізгі немесе тәулік бойғы стационар).
  5. 4-санаттағы шақырулар — № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес.
  6. Үйге барумен көрсетілетін қызметтер: патронаж; белсенді бару; аумақтық үйге шақыру; үйдегі стационар; 3-кезеңгі медициналық оңалту; отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, репродуктивтік денсаулық; салауатты өмір салты; медико-әлеуметтік қолдау; психологиялық көмек; рецепт жазу; созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды динамикалық бақылау; паллиативтік мобильді бригада; коронавирус күдігі/аурулары үшін мобильді бригада.
  7. Патронаж жүргізіледі:

1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;

2) жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге;

3) 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, жүкті әйелдерге немесе олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған босанған әйелдерге;

4) қозғалысын шектеу кезінде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациенттерге;

5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге.

  1. Қазақстан Республикасында педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес, уәкілетті орган Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сай бекіткен құжатқа негізделе отырып, жаңа туғандарды қоса алғанда, 5 жасқа дейінгі балаларға патронаж жүргізіледі.
  2. Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес, уәкілетті орган Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сай бекіткен құжатқа негізделе отырып, жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге патронаж жүргізіледі.
  3. Патронаж барысында АМСКК (бірінші медициналық-санитариялық көмек) ұйымы міндетті жоспарлы баруларды жүргізеді, ал баланың өміріне, денсаулығына немесе дамуына төнетін медициналық не әлеуметтік қауіптер анықталған жағдайда, жүкті әйелдерге, жаңа туғандарға және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға жеке жоспар бойынша қосымша белсенді барулар жасалады.

Патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі және оған жүкті әйелге екі дородтық патронаж (жүктіліктің 12 аптаға дейінгі мерзімінде және 32 аптасында) және жүкті әйелдер, жаңа туғандар мен 5 жасқа дейінгі балаларды жалпы бақылау сұлбасына сәйкес дәрігер немесе фельдшер, не орта медицина қызметкері тарапынан үйде және АМСКК ұйымдарында қабылдау кезінде 9 рет бару кіреді.

Патронаждық бақылау өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптері анықталған жүкті әйелдер мен балаларға 5 жасқа дейін жүкті және балалар патронажының әмбебап-прогрессивті тәсілі бойынша (орта медицина қызметкерінің үйге патронаждық барулары) Қазақстан Республикасында педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру стандарттарына сәйкес, уәкілетті орган Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сай бекіткен құжаттарға негізделе отырып көрсетіледі.

  1. Қызмет алушы туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, пациенттің немесе оның заңды өкілінің телефон нөмірлері) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Бірыңғай төлем жүйесі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
  2. Жүкті әйелдерге патронаж нәтижелері учаскелік мейіргермен 077/у нысаны бойынша жүкті және босанған әйелдің жеке картасына енгізіледі, ал жаңа туғандар мен 5 жасқа дейінгі балалар туралы деректер амбулаториялық науқастың медициналық картасына енгізіліп, отбасы­мен жұмыс істеудің 052/у нысаны бойынша жеке жоспары қалыптастырылады; мұның бәрі № ҚР ДСМ-175/2020 Бұйрығымен, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы бекітілген тәртіпте жүргізіледі.

Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар қағаз түрінде ресімделіп, кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

  1. Патронажды жүзеге асыру кезінде АМСКК маманы: сантиметрлік лента, дене температурасы мен бөлме температурасына арналған термометрлер, фонендоскоп және тонометр, қолды өңдеуге арналған дезинфектант, алғашқы медициналық көмектің минималды жинағы, ақпараттық материалдарды пайдаланады. Медициналық ақпараттық жүйелер, оның ішінде мобильдік қосымшалар енгізілген жағдайларда, АМСКК маманы планшет немесе мобильдік қосымша орнатылған смартфонды пайдаланады.
  2. АМСКК ұйымының аға мейіргері, ол болмаған жағдайда учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) патронажды ұйымдастыруды үйлестіреді.
  3. Пациентке АМСКК ұйымының маманы тарапынан үйіне белсенді бару, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы, мына жағдайларда жүзеге асырылады:

1) стационардан шығарылғаннан кейін немесе жедел медициналық жәрдем станциясынан ақпарат (актив) берілген кезде, қозғалысы шектеулі ауыр жағдайдағы пациенттерге;

2) жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің тағайындалған күннен кейін 3 күн ішінде қабылдауға келмеуі;

3) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан түскен деректер бойынша, тіркелу мәртебесіне қарамастан, босанған әйелдің қызмет көрсетілетін аумаққа келуі;

4) жұқпалы ауру эпидемиясының пайда болу қаупі туған жағдайда, соның ішінде вакцинациядан бас тартқан тұлғалар, жұқпалы ауру анықталған науқастар, олармен байланыста болғандар және жұқпалы ауруға күдіктілер бойынша аула аралау арқылы.

Пациенттің үйіне белсенді баруды негізінен учаскелік мейіргер немесе фельдшер жүзеге асырады.

  1. БМСК ұйымы мамандарының үйге шақыртуларын қызмет көрсетуді учаскелік (жалпы дәрігерлік) қызмет бөлімінің меңгерушісі, ол болмаған жағдайда учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт-дәрігер (педиатр)) үйлестіреді.
  2. Үйге шақыртуларды қабылдауды АМСКК ұйымының тіркеу бөлімі және (немесе) учаскелік мейіргер немесе фельдшер жүзеге асырады.

Үйге шақыртуларға қызмет көрсетудің көрсеткіштері – жедел медициналық жәрдемнің жеделділіктің төртінші санатына жататын шақыртуларды қоспағанда, денсаулық жағдайы мен ауру сипатына байланысты АМСКК ұйымына келе алмайтын адамдардың АМСКК ұйымына жүгінулері.

Үйде учаскелік мейіргер немесе фельдшер қызмет көрсетуінің көрсеткіштері:

1) шақырту сәтінде дене температурасының 38°С-қа дейін көтерілуі;

2) жалпы хал-ахуалы бұзылмай артериялық қысымның жоғарылауы;

3) есін жоғалтусыз, қан кету белгілерінсіз, жағдайының күрт және кенет нашарлауынсыз медициналық көмекті және үйде кеңес беруді талап ететін жағдайлар, аурулар, жарақаттар.

Үйге шақыртуларға учаскелік дәрігердің қызмет көрсету көрсеткіштері:

1) шақыртуды қабылдау кезінде АМСКК тіркеу бөлімі немесе шақыртуға барған учаскелік мейіргер не фельдшер тарапынан үйде дәрігерлік тексеруді талап етеді деп бағаланған жағдайлар;

2) вакцинациядан кейінгі жағдайдың нашарлауы.

5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер мен босанған әйелдер денсаулығы нашарлаған кез келген жағдайда үйде қызмет көрсетумен қамтылады. 65 жастан асқан адамдарға қозғалысы шектеулі болған жағдайда үйде қызмет көрсетіледі.

  1. Жүкті және босанған әйелдерге белсенді барудың нәтижелері № 077/у нысаны бойынша жүкті және босанған әйелдің жеке картасына енгізіледі, ал 5 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамдар туралы деректер № 052/у нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасына енгізіледі; аталған нысандар № ҚР ДСМ-175/2020 Бұйрығымен бекітілген.
  2. Емдік рәсімдер мен манипуляциялар жүргізілетін жағдайларда және ұйымға келу мүмкіндігі болмаған кезде үйдегі стационар қызметтері медициналық көрсеткіштер бойынша көрсетіледі.
  3. Үйдегі стационарда және күндізгі стационар жағдайында пациенттерді жүргізуді АМСКК ұйымының медицина қызметкерлері «стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті көрсету қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады; аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің» 16-тармағының 47) тармақшасына сәйкес бекітілген (бұдан әрі – Ереже).
  4. АМСКК ұйымы уәкілетті орган Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес бекіткен, денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сай арнайы әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз етеді.
  5. Амбулаториялық ем тағайындалған және емдік рәсімдер жазылған жағдайда науқасқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21493 болып тіркелген) бекітілген рецепттерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес дәрілік заттарға рецепт ресімделеді және АМСКК ұйымының процедуралық кабинетіне жолдама немесе үй жағдайында емдік рәсімдерді тағайындау жүргізіледі. Амбулаториялық емнің тиімділігін бағалау және оны түзету емдеуге жолдаған БМСК дәрігерімен жүзеге асырылады.
  6. АМСКК ұйымдарының медицина қызметкерлері дәрілік заттарды беруге құқылы емес, дәріхана нысандары жоқ елді мекендердегі осы қызмет түріне аттестатталған медициналық білімі бар мамандарды (дәрігерлік амбулаториялар, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер) қоспағанда.
  7. АМСКК ұйымдарында тіркелген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ККТМК және (немесе) МӘМС шеңберінде, уәкілетті орган Кодекстің 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес бекіткен, белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдетілген дәрілік қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында профилактика мен сауықтыруды ұйымдастыру тәртібі

  1. АМСКК ұйымындағы аурулардың алдын алу мынадай бағыттарды қамтиды:

1) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексерулерден өткізу;
2) тіркелген халықтың мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингтеу, анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйрету;
3) иммундау;
4) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
5) репродуктивтік денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар;
6) жүкті әйелдерді антенаталдық бақылау және босанған әйелдерді босанғаннан кейінгі кеш кезеңде бақылау;
7) жұқпалы аурулар ошақтарында санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

  1. Нысаналы топтарды профилактикалық медициналық тексерулерден өткізу және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексерулерден өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21820 болып тіркелген) сәйкес кезеңділікпен, жиілікпен және диагностикалық қызметтердің көлемінде жүргізіледі.
  2. Мінез-құлықтық қауіп факторлары бар адамдарға профилактикалық кеңес беру және мінез-құлықты өзгерту бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар беру мақсатында АМСКК ұйымы тіркелген халықты анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйретуді қамтамасыз етеді. Бұл оқыту АМСКК ұйымының маманы арқылы профилактикалық кабинеттерде немесе арнайы бөлінген аймақтарда, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтан кеңес беру жолымен жүргізіледі.
  3. Халықтың хабардарлығын және сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану және денсаулықты сақтаудың өзге де өзекті мәселелері бойынша АМСКК мамандарына кеңес беруді салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласында қызмет жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді.
  4. АМСКК ұйымы репродуктивтік денсаулықты қорғау қызметтерін мына тәсілдермен көрсетеді:

1) босануға дайындық бойынша, соның ішінде серіктестік босануға дайындық жөніндегі дородтық оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді қауіпті белгілер, тиімді перинаталдық технологиялар, қауіпсіз аналық қағидаттары, емізу туралы ақпараттандыру;
2) отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру және қызметтер көрсету;
3) жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және анықтау, тиісті профильді мамандарға жолдау үшін;
4) жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу және қауіпсіз аборт;
5) репродуктивтік ағзалар обырының (жатыр мойны және сүт безі қатерлі ісігі) профилактикасы.

  1. МСК ұйымы жүкті әйелдерді антенаталдық бақылауды, босанған әйелдерді босанғаннан кейінгі кеш кезеңде бақылауды, сондай-ақ экстрагениталдық патологиясы бар ұрпақ жасының әйелдерін динамикалық бақылауды Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес қамтамасыз етеді; стандарт уәкілетті органмен Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген.
  2. АМСКК ұйымы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың ауыз қуысына профилактикалық тексерулер жүргізуді және тістер мен ауыз қуысының шырышты қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйретуді өз бетінше не стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп орындау туралы шарт жасасу арқылы қамтамасыз етеді.
  3. АМСКК деңгейіндегі инфекциялық аурулардың алдын алуға мыналар жатады:

– науқастарды уақтылы анықтау;
– профилактикалық егулер жүргізу;
– жұқпалы аурулар ошақтарында санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

Тіркелген халық арасында жұқпалы ауруларды белсенді анықтау инфекциялық аурудың өршуі туралы ресми хабарлама алынған кезде АМСКК ұйымдарының медицина қызметкері пациенттің үйіне белсенді бару арқылы, оның ішінде аула (пәтер) аралау тәсілімен жүзеге асырылады.

  1. Инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында АМСКК ұйымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген «Кепілдік берілген медициналық көмектің көлемі шеңберінде жүргізілетін міндетті профилактикалық егулердің аурулар тізбесін, оларды жүргізудің қағидалары мен мерзімдерін және профилактикалық егулерге жататын халық топтарын бекіту туралы» құжатқа сәйкес міндетті профилактикалық егулерді қамтамасыз етеді.
  2. АМСКК ұйымы халыққа профилактикалық егулерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген құжаттарға сай жүргізеді.
  3. Профилактикалық егулердің есебі егулер жүргізілген орындарда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, білім беру объектілерінде сақталатын есеп нысандарында тиісті жазбалар енгізу арқылы жүргізіледі: 066/у нысаны – профилактикалық егулерді есепке алу журналы, № 065/у нысаны – профилактикалық егулер картасы, № 052/у нысаны – амбулаториялық науқастың медициналық картасы; аталған нысандар № ҚР ДСМ-175/2020 Бұйрығымен, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы, бекітілген.

Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар қағаз түрінде ресімделіп, кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

  1. АМСКК ұйымының мамандары иммунопрофилактика мәселелері бойынша тіркелген халық арасында, оның ішінде вакцинациядан бас тартқан адамдармен де, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
  2. АМСКК ұйымы жұқпалы аурулар ошақтарында жұмысты ұйымдастырады және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген талаптар бойынша санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады.
  3. ККТМК шеңберінде стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін жұқпалы, паразиттік және айналадағылар үшін қауіпті аурулардың тізбесіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 Бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21537) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 Бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21407) сәйкес уақытша Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, баспана іздеуші адамдарға айналадағылар үшін қауіпті аурулар кезінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін алу құқығы берілетін аурулар тізбесіне сай аурулар анықталған жағдайда, АМСКК мамандары Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға сай іс-шараларды жүзеге асырады.
  4. АМСКК ұйымы туберкулездің алдын алу, оны белсенді ерте анықтау және диагностикалау бойынша кешенді іс-шараларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21695) бекітілген «Туберкулездің алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізу қағидаларына» сәйкес, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы, ұйымдастырады және жүргізеді.
  5. АМСКК ұйымы ВИЧ-инфекцияның бар-жоғын эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеруді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21692) бекітілген «ВИЧ-инфекцияның бар-жоғын міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларына» сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді.
  6. АМСКК ұйымы алдын алу және обыр алды және онкологиялық ауруларды белсенді ерте анықтау бойынша кешенді іс-шараларды Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес бекіткен, халыққа онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді.
  7. АМСКК ұйымы психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастарды профилактикалау және белсенді ерте анықтау бойынша кешенді іс-шараларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21712) бекітілген, Қазақстан Республикасы халқының психикалық денсаулық саласында медико-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-224/2020 Бұйрығы).

3-параграф. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында динамикалық бақылауды, медициналық оңалтуды және паллиативтік көмекті ұйымдастыру, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу тәртібі

  1. АМСКК ұйымының мамандары пациенттерді динамикалық бақылауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 «Динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

Пациент тіркелген жері бойынша АМСКК ұйымында динамикалық бақылауға мына үш құжаттың бірінің негізінде алынады:

1) АМСКК дәрігерінің қорытындысы;
2) тиісті профильді маманның консультативтік қорытындысы;
3) стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме.

  1. Динамикалық бақылауға алғаш рет алынған пациентті ресімдеу кезінде учаскелік мейіргер № 052/у нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасына «динамикалық бақылау» деген 5-қосымша парақты № ҚР ДСМ-175/2020 Бұйрығына сәйкес, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы, толтырады.

Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар қағаз түрінде ресімделіп, кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

  1. Созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауды АМСКК ұйымдарының мамандары жүргізеді: АМСКК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт және (немесе) учаскелік педиатр), орта медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер немесе фельдшер).

Көрсеткіштер болғанда денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады.

  1. Учаскелік мейіргердің, АМСКК дәрігерінің, профильді мамандардың тексерулерінің тізбесі, көлемі, жүргізілу жиілігі, зертханалық және аспаптық зерттеулердің көлемі, бақылау мерзімдері, есептен шығару критерийлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын, бақылау мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумын және жиілігін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513) сәйкес айқындалады (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-149/2020 Бұйрығы).
  2. Ауруды басқару бағдарламасы шеңберінде созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылау № ҚР ДСМ-149/2020 Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Туберкулезбен ауырған адамдарды, сондай-ақ туберкулезге шалдығу қаупі жоғары III топ тұлғаларын динамикалық бақылау № ҚР ДСМ-214/2020 Бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Онкологиялық науқастарды динамикалық бақылау қатерлі ісікке күдікті Ia тобының пациенттеріне, ісік алды аурулары бар Iб тобына, сондай-ақ қатерлі жаңа түзілімдердің таралған түрлері бар және паллиативтік немесе симптоматикалық емге жататын IV топқа Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес, уәкілетті орган Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сай бекіткен құжатқа негізде жүзеге асырылады.

  1. Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көрсеткіштер болғанда АМСКК ұйымы арнайы әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсете отырып, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерін ұсынады.
  2. АМСКК ұйымы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерін қамтамасыз етеді; аталған стандарттар уәкілетті органмен Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген.
  3. АМСКК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 Бұйрығымен бекітілген халыққа паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына және уәкілетті орган Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес бекіткен Қазақстан Республикасы халқының мейіргерлік күтім көрсету стандартына сәйкес қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.
  4. АМСКК ұйымы уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660) бекітілген «Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады.

3-бөлім. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру тәртібі

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес АМСКК ұйымдары мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1) дәрігердің қабылдауына жазылу;
2) дәрігерді үйге шақыру;
3) АМСКК көрсететін медициналық ұйымда анықтама беру;
4) АМСКК көрсететін медициналық ұйымға тіркеу.

  1. АМСКК ұйымы пациентке «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметін өзіндік жүгіну арқылы, телефон байланысы арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (ПЭП) арқылы көрсетеді.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін) бойынша деректерді АМСКК ұйымы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ПЭП арқылы алады.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (үдеріс сипаттамалары, нысаны, мазмұны, нәтижесі және қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер) осы Қағидалардың 5-қосымшасында берілген.

Пациенттің АМСКК ұйымына өзіндік жүгінуі немесе телефон арқылы жүгінуі кезінде АМСКК мамандары «Дәрігер қабылдауына алдын ала жазу журналына» жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес бос уақыт пен қабылдау күнін көрсете отырып, ауызша жауап береді.

Пациент ПЭП арқылы жүгінген жағдайда, «Жеке кабинетте» электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама алады. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау қабылданғаннан кейін медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

АМСКК ұйымы мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.

  1. АМСКК ұйымы пациентке «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін өзіндік жүгіну арқылы, телефон байланысы арқылы немесе ПЭП арқылы көрсетеді.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) бойынша деректерді АМСКК ұйымы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ПЭП арқылы алады.

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (үдерістің сипаттамалары, нысаны, мазмұны, нәтижесі және өзге де мәліметтер) осы Қағидалардың 6-қосымшасында берілген.

Пациенттің АМСКК ұйымына өзіндік жүгінуі немесе телефон арқылы жүгінуі кезінде АМСКК мамандары «Шақыруларды тіркеу журналына» жазба енгізеді және дәрігердің бару күні мен уақытын көрсете отырып, ауызша жауап береді. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

Пациент ПЭП арқылы жүгінген жағдайда, «Жеке кабинетте» электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама алады. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

АМСК көрсететін ұйым мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.

  1. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметін алу үшін пациенттер АМСКК ұйымына өз бетінше жүгінеді немесе ПЭП арқылы рәсімдейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) жөніндегі деректерді АМСКК ұйымы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ПЭП арқылы алады.

«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (үдерістің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер) осы Қағидалардың 7-қосымшасында келтірілген.

Пациент АМСКК ұйымына тікелей жүгінген кезде, АМСКК мамандары медициналық ақпараттық жүйеде пациенттің динамикалық бақылауда болуы/болмауы туралы тексеріс жүргізеді, содан кейін № ҚР ДСМ-175/2020 Бұйрығымен бекітілген № 027/у нысаны бойынша анықтама ресімделеді, 5-тармақ «Медициналық қорытынды» диагноз атауын көрсете отырып толтырылады және учаскелік дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің жеке қолы мен мөрімен, сондай-ақ АМСКК ұйымының мөрімен куәландырылады, әлеуметтік маңызы бар ауруларды (туберкулез, адам иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туындататын ауру, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар) қоспағанда.

Пациент ПЭП арқылы жүгінген жағдайда, АМСКК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦП) куәландырылған электрондық құжат түріндегі анықтама қалыптастырылып, «Жеке кабинетке» жолданады.

Нәтижесінде пациенттің динамикалық бақылауда болуы және (немесе) болмауы туралы АМСКК ұйымынан анықтама беріледі.

АМСКК ұйымы мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеу мақсатында «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.

  1. Тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша АМСКК ұйымына тіркелу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642) бекітілген «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды тіркеу қағидаларына» сәйкес «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметі шеңберінде жүзеге асырылады.

Шешімдерді, қызмет көрсетушінің әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағым қызмет көрсетушінің басшысының атына беріледі.

«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызмет көрсетушіге келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен шағымды қарау жоғары тұрған әкімшілік органда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырылады.

Шағым, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын қызмет көрсетушіге беріледі.

Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын қызмет көрсетуші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

Осы ретте, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалатын қызмет көрсетуші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім немесе өзге де әкімшілік әрекет үш жұмыс күні ішінде қабылданған жағдайда, шағымды шағымды қарайтын органға жолдамауға құқылы.

Заңда өзгеше көзделмеген болса, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданудан кейін жол беріледі.

Пациенттің құқықтары
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 193-IV Кодексі (ҮЗІНДІ)

91-бап. Пациенттердің құқықтары

  1. Осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан бөлек, пациент мынадай құқықтарға ие:

1) диагностика, емдеу және күтім барысында өзіне лайықты қарым-қатынасқа, өзінің мәдени және жеке құндылықтарына сыйластықпен қаралуына;
2) кезектіліктің тек медициналық өлшемдер негізінде айқындалуына, қандай да бір кемсітушілік факторлардың ықпалынсыз медициналық көмек алуға;
3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға және ауыстыруға;
4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестік қызметкерлерінің қолдауына;
5) қолданыстағы медициналық технологиялар деңгейі мүмкіндік беретін мөлшерде азап-қасіретті жеңілдетуге;
6) өзінің денсаулық жай-күйі туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарға.

  1. ациент өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны және оларды көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға құқылы. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі ақпарат орналастырылатын орындарында болуы тиіс.

Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке оған медициналық қызмет көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіби мәртебесі, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртіп қағидалары туралы мәлімет ұсынылуы керек.

  1. Медициналық көмек пациенттің ақпараттандырылған ауызша не жазбаша ерікті келісімі алынғаннан кейін көрсетіледі.
  2. Медициналық көмек алу кезінде пациент өзінің денсаулық жай-күйі туралы толық ақпаратқа құқылы, оған ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелдері мен артықшылықтары, емдеуден бас тартудың ықтимал салдарлары, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары пациентке түсінікті нысанда түсіндіріліп, оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері де нақтылануы тиіс.
  3. Пациент өз денсаулық жай-күйі туралы ақпаратты жеткізетін тұлғаны тағайындай алады. Ақпарат алудан бас тарту жазбаша түрде ресімделіп, медициналық құжаттамаға енгізіледі.
  4. Медициналық ақпаратты пациенттен жасырын ұстауға тек оны беру пайда әкелмей, пациентке елеулі зиян келтіреді деген негізді себептер болғанда ғана жол беріледі. Мұндай жағдайда ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.
  5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында медициналық көмек алатын пациенттер оқу үдерісіне қатысудан, сондай-ақ емдеу-диагностикалық рәсімдер кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқылы.
  6. Пациенттердің құқықтарын қорғауды олардың құзыреті шегінде органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
  7. Медициналық көмек алу кезінде пациент тағайындалатын дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқылы.
  8. Неке қиятын азаматтар медициналық және медико-генетикалық тексеруден өтуге құқылы.

93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

  1. Пациент немесе оның заңды өкілі осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмектен бас тартуға құқылы.
  2. Медициналық көмектен бас тартқан жағдайда пациентке немесе оның заңды өкіліне оған түсінікті түрде ықтимал салдарлар түсіндірілуі тиіс.
  3. Медициналық көмектен бас тарту ықтимал салдарларды көрсете отырып, медициналық құжаттамаға жазба түрінде ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды. Пациент немесе оның заңды өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл туралы медициналық құжаттамаға тиісті жазба енгізіліп, медицина қызметкері қол қояды.
  4. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамның өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен олардың заңды өкілдері бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету

  1. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету мына адамдарға қатысты жол беріледі:

1) ерік білдіруге мүмкіндік бермейтін шок, коматоздық күйде жүргендерге;

2) айналадағылар үшін қауіпті болып табылатын аурулары барларға;

3) ауыр психикалық бұзылыстары (аурулары) барларға;

4) психикалық бұзылыстары (аурулары) бар және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға.

  1. Кәмелетке толмағандар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған жағдайда шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиум жинау мүмкін болмаған кезде – медициналық ұйымның лауазымды адамы мен заңды өкілдеріне кейіннен хабарлай отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
  2. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін немесе соттың шешімі бойынша жалғасады.

Пациенттің міндеттері

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 193-IV Кодексі (ҮЗІНДІ)

90-бап. Азаматтардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың міндеттері

  1. Азаматтар мыналарды орындауға міндетті:

1) өз денсаулығын сақтауға қамқорлық жасау;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылатын тәртіпті сақтау;
3)Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараулардан өту;
4) жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының нұсқамаларын орындау;
5) өз денсаулығын және айналадағылардың денсаулығын қорғау жөніндегі сақтық шараларын сақтау, медициналық ұйымдардың талабы бойынша тексеруден өту және емделу, жұқпалы және айналадағылар үшін қауіпті аурулар кезінде өз ауруы туралы медициналық персоналды хабардар ету.

Тексеруден және емдеуден жалтарған жағдайда, айналадағылар үшін қауіпті аурулары бар азаматтар осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мәжбүрлеп куәландыруға және емдеуге жатады.

Айналадағылар үшін қауіпті аурулары бар азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтау.

  1. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейін медициналық есепке тұруға міндетті.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді атқарады.
  3. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметке сәйкес мыналарды орындауға міндетті:
  • санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындау;
3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімнің өндірісі, тасымалдануы, сақталуы және халыққа өткізілуі кезінде олардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылау жүргізу;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін апаттық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы, сондай-ақ жаппай және топтық жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туындаған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарын уақтылы хабардар ету;
6) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жағымсыз әсерлері анықталған кезде уәкілетті органды уақтылы хабардар ету;
7) айналадағыларды жұқпалы және паразиттік аурулармен зақымдау қаупі бар қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге гигиеналық оқытуды қамтамасыз ету;
8) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреті шегінде зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнім, шикізат, тауарлар және өндірістік ортадан сынамалар алуға мүмкіндік беру;
9) медициналық тексеруден өткені туралы құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеу, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған жұқпалы аурулармен ауыратын және жұқпалы ауру қоздырғыштарын тасымалдаушыларды жұмыстан шеттету;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған тауарларды, өнімдерді, шикізатты өткізуді болдырмау, сондай-ақ оларды пайдалану мүмкіндігі немесе жою (утилизациялау) туралы шешім қабылдау;
11) санитариялық паспортқа ие болу;
12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есеп пен есептілік құжаттамасын санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына тексеру үшін ұсыну;
13) халықтың өмірі немесе денсаулығына қатер төндірген жағдайда кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті тоқтата тұру;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысандарға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;
15) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізу.

92-бап. Пациенттердің міндеттері

  1. Осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа, пациент:
  • өз денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде шаралар қабылдауға;
  • медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрмет пен әдеп сақтауға;

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын бұлжытпай орындауға;
4) медициналық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға және оның мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмекті алу кезінде медициналық персоналмен ынтымақтаса әрекет етуге;
5) диагностика және емдеу процесінде өз денсаулық жағдайының өзгеруі туралы, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіпті аурулар пайда болғанда не оларға күдік туған жағдайда медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
6) өзге пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға тиіс.

  1. Осы баптың 1-тармағының 2)–4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері стационарда науқас балаға тікелей күтім жасайтын ата-аналарға немесе өзге де адамдарға қолданылады.

ТМККК

Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі беріледі:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына,
  • қандастарға,
  • босқындарға,
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге.
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК алуға құқығы бар.

ТМККК азаматтарға сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:

  1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек;
  2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:

1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
3) иммундау (вакцинация);
4) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
5) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;
6) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;
7) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

  1. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;
2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;
3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;
4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.

  1. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) емделу кезіндегі әлеуметтік мәні бар аурулар;
2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;
3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

  1. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;
4) жоспарлы тәртіпте.

  1. Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеуде;
2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

  1. Паллиативті медициналық көмек.
  2. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
  3. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
  4. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту.
  5. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.

МӘМС

МӘМС жарналарын тұрақты төлейтін және «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтар медициналық қызметтердің неғұрлым кең тізбесін қосымша төлемсіз-ақ ала алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіне мыналар кіреді:

  1. Амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу):

профилактикалық медициналық қарап-тексерулер (ТМККК бойынша көрсетілетіндерді қоспағанда);

  • МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың қабылдауы және консультациясы;
  • бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;
  • халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
  • тізбеге сәйкес диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
  • тізбе бойынша басқа рәсімдер мен манипуляциялар.
  1. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационардың қызметтері.
  2. Жоспарлы нысандағы стационарлық жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).
  3. Шұғыл нысандағы стационарлық жағдайда мамандандырылған көмек, оның ішінде тәуліктік стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).
  4. Медициналық оңалту.
  5. Патологиялық-анатомиялық диагностика.
  6. Өлімнен кейінгі донорды дайындау.
  7. МӘМС жүйесінде көмек көрсетілген кезде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету:
  • денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;
  • уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек.

 

Ақылы қызметтер АМСКК және Диагностика орталығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына сәйкес көрсетіледі («Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы»).

27.02.2024 ж. күнгі АМСКК және Диагностика орталығы қызметі туралы Ережеге және 26.04.2024 ж. күнгі медициналық қызметтердің бағалар прейскурантына сәйкес.

ККТМК, МӘМС және ақылы негізде медициналық қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлері туралы мәліметтер:

 

Аты-жөні Лауазымы Ғылыми/кәсіби атағы Уақыты
1 Нурмагамбетова Сагыныш Шаншархановна Терапевт дәрігері (ақылы қабылдау, шетел азаматтары) Жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау менеджері

Күн сайын

9:00-16:00

2 Кайрбаев Решат Кимадиевич Оториноларинголог (ЛОР) дәрігері МҒК, жоғары санатты дәрігер

Күн сайын

10:00-13:00

3 Тасжүрек Бекзат Сабитович Хирург дәрігері Денсаулық сақтау магистрі Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма 09.30-12.30
4 Ни Сергей Романович Уролог дәрігері Жоғары санатты дәрігер

Күн сайын

08:00-15:00

5 Цзян Максим Чжунович Эндокринолог дәрігері Денсаулық сақтау магистрі, бірінші санатты дәрігер, ішкі аурулар кафедрасының профессор ассистенті

Дүйсенбі – бейсенбі

08:00-13:00

6

Ходояри Хуссейн

Дарьюш

Эндоскопист, гастроэнтеролог дәрігері Жоғары санатты дәрігер

Күн сайын

08:00-13:00

 

7 Джусипбекова Гульнар Талгатовна УДЗ, тамырлардың УЗДГ, жүрек УДЗ дәрігері Жоғары санатты дәрігер

Күн сайын 08:00-13:00

Жазылу бойынша!

8 Байгулова Сауле Спандияровна УДЗ дәрігері Бірінші санатты дәрігер, визуалды диагностика кафедрасының профессор ассистенті

Күн сайын 13:30-16:30

Жазылу бойынша!

9 Аптаев Чингиз Кайратович Рентгенолог дәрігері Бірінші санатты дәрігер

Күн сайын

13:00-15:00 (оқылым)

 

10 Филиппенко Евгения Владимировна Рентгенолог дәрігері Екінші санатты дәрігер, PhD

Күн сайын

10:30-13:00 (оқылым)

 

11 Хан Наталья Хак-Мановна Флюорограф дәрігері Жоғары санатты дәрігер

Күн сайын

08:00-13:00

12

Семейгажина Айнур Жексенгалиевна

 

Кардиолог-функционалист дәрігері (Холтер, СМАД – жазылу бойынша) Денсаулық сақтау магистрі, жоғары санатты дәрігер

Дүйсенбі -жұма

08:30-17:00 Сейсенбі-бейсенбі

14:00-17:00

13 Калдыбекова Салтанат Калдыбековна ЭЭГ Невропатолог дәрігер, жалпы врачебтік практика №1 кафедрасының ассистенті

Дүйсенбі-жұма

10:00 -14:00

14 Сраилова Камилла Бекмуратовна Невропатолог дәрігері PhD дәрігері

Күн сайын

8:00-12:00

15 Төлеутайұлы Кәрібай Онколог-маммолог дәрігері Медицина ғылымдарының докторы, С. Нұғманов атындағы онкология кафедрасының профессоры

Сейсенбі 15:00-17:00

Сәрсенбі 15:00-17:00

16 Абу Джазар Усама Мухаммедович Травматолог дәрігері PhD, травматология және ортопедия кафедрасының профессоры, жоғары санатты дәрігер

Сейсенбі, бейсенбі

11:00-13:00

 

17 Ерлепесова Айгуль Тайбековна Ревматолог Бірінші санатты дәрігер, жалпы врачебтік практика №1 кафедрасының ассистенті

Сейсенбі 08:30-11:00

Бейсенбі 08:00-11:00

18 Абиева Жадыра Сактаганкызы Нефролог Нефрология кафедрасының профессор ассистенті

Сәрсенбі 09:00-14:00

 

19 Жамирова Регина Насирдиновна Пульмонолог Бірінші санатты дәрігер, пульмонология кафедрасының профессор ассистенті Бейсенбі 09:00-13:00
20 Нургалиева Жанар Женисовна Педиатр Жоғары санатты дәрігер, балалар эндокринологы, кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты, амбулатория-поликлиникалық педиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Дүйсенбі 09:00-13:00

Сәрсенбі 09:00-13:00

21

Сейсебаева

Роза

Жакановна

Педиатр Балалар пульмонологы, неонатолог, медицина ғылымдарының докторы, амбулатория-поликлиникалық педиатрия кафедрасының меңгерушісі

Сейсенбі 09:00-13:00

Бейсенбі 09:00-13:00

22 Бейсебаева Улжан Турсынхановна

Дерматовенеролог

 

Дерматовенерология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер

кесте бойынша, ай сайын тапсырады,

жұма с 9.00-11.00

23 Шортанбаева Жанна Алихановна Дерматовенеролог PhD, дерматовенерология кафедрасының профессоры, жоғары санатты дәрігер

кесте бойынша, ай сайын тапсырады,

жұма с 9.00-11.00

24

Адилова

Лейла Мукановна

Дерматовенеролог Дерматовенерология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер

кесте бойынша, ай сайын тапсырады,

жұма с 9.00-11.00

25 Альменова Лейла Танирбердиевна Дерматовенеролог Дерматовенерология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер

кесте бойынша, ай сайын тапсырады,

жұма с 9.00-11.00

26 Сулейменов Марат Смагулович Офтальмолог Медицина ғылымдарының докторы, профессор, офтальмология кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер

Дүйсенбі-жұма

10:00 -14:00

27 Абдуллина Венера Равильевна Офтальмолог Офтальмология кафедрасының профессор ассистенті

Сейсенбі-бейсенбі

08:00 -12:00

28 Кадыргалиев Бауржан Ерланович Офтальмолог Офтальмология кафедрасының ассистенті

Дүйсенбі-жұма

08:00 -12:00

29 Испаева Жаннат Бахитовна Аллерголог Медицина ғылымдарының докторы, профессор, аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер

Дүйсенбі-жұма

11:00 -15:00

30 Бекмагамбетова Райхан Базарбаевна Аллерголог Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының лекторы, екінші санатты дәрігер

Дүйсенбі-жұма

10:00 -13:00

31 Сеитбатталова Айдана Ернарқызы Аллерголог Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының ассистенті

Дүйсенбі-жұма

10:00 -13:00

32 Маукенова Лилия Камилловна Акушер-гинеколог Жоғары санатты дәрігер

Дүйсенбі-жұма

08:00 -15:00

33 Садыкова Сауле Сейсембаевна Инфекционист Жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Жазылу бойынша

Жекелеген азаматтар санаты үшін ақылы медициналық қызметтер бойынша жеңілдіктер қарастырылмаған.

Төлем тәсілдері:

  1. Қолма-қол
  2. Қолма-қолсыз
  3. Kaspi QR
  4. Заңды тұлғалар үшін банктік деректемелерге аудару

Байланыс

Мекенжай: Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко к-сі, 126
https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000843954/76.925087,43.244343

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі–жұма: 8:00–17:00

Кезекші учаскелік ауысым: Дүйсенбі–жұма: 17:00–20:00 Сенбі: 8:00–12:00

Регистратура:
+7 (727)292-75-49
+7 (727)338-70-00

Email: [email protected]
Поликлиникаға тіркелу:

  1. Онлайн KZ арқылы
  2. Онлайн – Egov mobile мобильдік қолданбасы арқылы
  3. АМСКК және Диагностика орталығының тіркеу бөліміне жүгіну арқылы

__________________________________________________________________

Сауалнама
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін АМСКК және Диагностика орталығынын деңгейінде жетілдіру шаралары аясында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік саясат департаменті халықтың, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қанағаттанушылығын бағалау жөніндегі сауалнаманы ұйымдастыруға жәрдем көрсетуіңізді сұрайды.

Аталған сауалнама амбулаториялық жағдайда халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сауалнаманы мына сілтеме арқылы өтуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe3U2avRxoxdljnhsmXYOGezMoqpdOPoG-eodtt8df4XBbH3g/viewform

Немесе QR коды арқылы.