Құрметті пациенттер!
МСАК және диагностика орталығында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI кодексі, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы №ҚР ДСМ 230/2020 «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы №ҚР ДСМ 147/2020 «Медициналық оқыс оқиға жағдайларын (оқиғаларды) айқындау, оларды есепке алу және талдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Пациенттерді қолдау және қызметтер сапасын бақылау қызметі құрыллды.
Пациенттерді қолдау және қызметтер сапасын бақылау қызметінің міндеті: пациенттердің құқықтарын қорғау, өтініштері мен шағымдарын қарау, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау.
Орталық көрсететін барлық қызметтер бойынша Пациенттерді қолдау және қызметтер сапасын бақылау қызметіне (1 қабат, № 111 кабинет) жүгінулеріңізге болады.
Бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау бойынша орынбасары: Солтанай Жәнібек 8 708 188 78 68.
Дәрігер-сарапшы: Ермекбай Айбек Аманжолұлы 8727 338 70 00.
Instagram: @asfendiyarov_clinic
WhatsApp: 8 707 797 19 30
Орталық басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
| Т.А.Ә. | Лауазымы | Кабинет нөмірі | Қабылдау күні | Қабылдау уақыты |
| Рахальская Наталья Николаевна | Бас дәрігер | 201 | Әр айдың сәрсенбісі | 15:00-17:00 |
| Тілеубек Нұридін Талғатұлы | Бас дәрігер орынбасары | 201 | Әр айдың бейсенбісі | 15:00-17:00 |
| Солтанай Жәнібек | Бас дәрігер орынбасары | 201 | Әр айдың сейсенбісі | 15:00-17:00 |
| Булегенова Айнагуль Кабдолдаевна | Бас мейірбике | 208 | Әр айдың дүйсенбісі | 15:00-17:00 |
Пациенттерді қолдау және қызметтер сапасын бақылау қызметі келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
Пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – медициналық көмек көрсету барысында пациенттердің құқықтарының сақталуын бақылау және туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Өтініштер мен шағымдарды қарау – пациенттердің медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын қабылдау, жан-жақты қарау және заңнамада белгіленген мерзімде жауап беру.
ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекті бақылау – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін, уақтылы әрі сапалы көрсетілуін бақылау.
МӘМС жүйесі бойынша қызметтерді түсіндіру – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі пациенттің мәртебесі, медициналық қызметтерді алу тәртібі, жолдамалар, диагностикалық тексерулер мен бейінді мамандардың консультацияларына қатысты ақпарат беру.
Ақылы медициналық қызметтерді бақылау – ақылы қызметтердің бекітілген прейскурантқа, шарт талаптарына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрсетілуін, пациентке қызметтің құны мен көлемі туралы толық ақпарат берілуін бақылау.
Медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізу – көрсетілген медициналық көмектің белгіленген стандарттарға, клиникалық хаттамаларға және медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкестігін бағалау.
Медициналық көмектің қолжетімділігін бақылау – дәрігер қабылдауына жазылу, зертханалық және диагностикалық тексерулерден өту, ем алу барысында туындайтын кедергілерді анықтап, оларды жоюға ықпал ету.
Пациенттердің қанағаттану деңгейін бағалау – сауалнамалар жүргізу, кері байланыс жинау және оның нәтижелері бойынша медициналық қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Медициналық әдеп пен деонтологияны сақтау – медицина қызметкерлерінің пациенттермен сыпайы қарым-қатынас жасауын, қызметтік әдепті және медициналық құпияны сақтауын бақылау.
Кемшіліктердің алдын алу және сапаны жақсарту – анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін талдау, оларды жою және қайталануына жол бермеу жөніндегі түзету іс-шараларын әзірлеу.
Пациенттерге ақпараттық қолдау көрсету – медициналық ұйымның жұмыс тәртібі, көрсетілетін қызметтер, дәрігерлердің қабылдау кестесі, дәрілік қамтамасыз ету және медициналық көмек алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
