ҚазҰМУ МСАК және диагностика орталығының сайтына қош келдіңіздер!

Мекеме басшысы ретінде өзім туралы қысқаша ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын.

Денсаулық сақтау саласында 20 жылдан астам еңбек өтілім бар. Осы жылдар ішінде клиникалық маманнан басқарушыға дейінгі кәсіби жолдан өтіп, медициналық көмекті ұйымдастыруға жүйелі көзқарас қалыптастырдым. Арнайы медициналық біліміммен қатар, психикалық денсаулық саласында мамандануым және қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежем бар.

Өз жұмысымда медициналық ұйымның тиімді әрі тұрақты қызмет етуімен қатар, пациенттердің қажеттіліктеріне бағдарлануына баса мән беремін. Аурулардың алдын алу бағытын дамыту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және ғылыми дәлелдерге негізделген заманауи тәсілдерді тәжірибеге енгізу маңызды деп санаймын. Сондай-ақ командалық жұмысты дамытуға, қызметкерлердің кәсіби өсуіне және ұйымның корпоративтік мәдениетін нығайтуға ерекше көңіл бөлемін.

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру, менеджмент, сапаны бағалау, қауіпсіздік және медицинадағы цифрлық шешімдер бағыттары бойынша біліктілігімді тұрақты түрде арттырып, оқыту курстары мен семинарларға қатысып келемін. Басшының кәсіби дамуы бүкіл команданың дамуына және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің деңгейіне тікелей әсер ететініне сенімдімін.

Ынтымақтастыққа және сындарлы диалогқа әрдайым ашықпын.

Біздің жұмысымызға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін!

Құрметпен,
Рахальская Наталья Николаевна
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ МСАК және диагностика орталығының бас дәрігері