«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметі
«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметі пациентке медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігеріне барудың қолайлы күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді.
Қызметті кімдер ала алады?
Қызмет медициналық ұйымға тіркелген жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Дәрігердің қабылдауына жазылу тәсілдері
Дәрігердің қабылдауына:
- медициналық ұйымның тіркеу бөліміне жеке жүгіну арқылы;
- тіркеу бөлімінің телефон нөмірі арқылы;
- Қазақстан Республикасының eGov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы;
- пациенттерге қолжетімді мобильді қосымшалар мен медициналық ақпараттық жүйелер арқылы жазылуға болады.
Қабылдауға жазылу үшін не қажет?
Қызметті алу үшін мына деректерді хабарлау немесе көрсету қажет:
- жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
- пациенттің тегі, аты және әкесінің аты;
- ұялы телефон нөмірі;
- дәрігердің мамандығы немесе тегі;
- қабылдаудың қалаған күні мен уақыты.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қабылдауға жазылғаннан кейін пациентке мынадай ақпарат беріледі:
- дәрігердің тегі мен мамандығы;
- қабылдау күні мен уақыты;
- кабинет нөмірі;
- медициналық ұйымның мекенжайы.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Маңызды
Қабылдауға жазылу дәрігердің жұмыс кестесіндегі бос уақытқа байланысты жүзеге асырылады. Егер пациент қабылдауға келе алмайтын болса, басқа пациентке мүмкіндік беру үшін жазылудан алдын ала бас тартуы қажет.
Жіті жағдайлар, денсаулықтың кенеттен нашарлауы немесе шұғыл медициналық көмек қажет болған кезде сүзгі кабинетіне, дәрігерге дейінгі қабылдау кабинетіне жүгіну немесе 103 нөмірі арқылы жедел медициналық жәрдем шақыру қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда МСАК және диагностика орталығының Call-орталығына 8 707 797 19 30 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Қызметті алу сілтемесі: https://www.gov.kz/services/3177?lang=kk
